Байзақта атқарылған біраз шаруа бар

/image/2019/10/04/crop-11_14_428x752_bayzaq.jpg

Елбасының сарабдал саясаты әрқашанда қара халықтың қамына бағытталғаны белгілі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та тұрғындардың тұрмысын түзеу бағытында өз Жолдауында нақты межелерді айқындап берді. Оның бірі атаулы әлеуметтік көмекті белгілеу. Бұл бағытта Жамбыл облысы Байзақ ауданында біраз тіршілік тетігін тапқан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтсақ, ауылдық округтер бойынша 3 698 отбасыдан (18 484 адам) әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар қабылданған. Оның ішінде, 3 465 отбасына, яғни 17 542 адамға шартты ақшалай, 233 отбасына, яғни, 942 адамға шартсыз ақшалай көмектер тағайындалыпты. 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап Заңға өзгерістер енгізілуге байланысты 3 700 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. 773 отбасына қайта есептеу жасалынған. Сонымен бірге, 3 698 адамның өтініші базаға енгізіліп, 3 698-і де уәкілетті орган арқылы тағайындауға жіберілген.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында да біраз тірлік жүзеге асырылуда. Атап айтсақ аудан бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар санының жоспары 3 702 адам. Жалпы, жыл басынан бағдарламаға қатысушылар саны 2 284 адам немесе 61,7 пайызды құраса, жұмыс іздеуші ретінде тіркелгендері 2 022 адамға жетіп отыр. Аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты негізінде техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКБ) 91 адам және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен жоспарланған екі жүз адамның орнына 203 адамды қамтамасыз етілген. Оның ішінде 10-ы мүмкіндігі шектеулі жандар. Екінші бағытқа сәйкес, 128 адамның 84-і жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында несие алуға қол жеткізілген. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 141 адам (мүгедегі 5 адам), мемлекеттік грантқа 81 адам жолданған. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша үшінші бағыт та назардан тыс қалған емес. Осы мақсатта, әлеуметтік жұмыс орындарына 210 адам (мүгедегі 7 адам), жастар практикасына 287 адам (мүгедегі 7 адам), ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 510 адам жіберілген. Бос жұмыс орындарына тұрақты 476-ы жұмыспен қамтылса (оның ішінде, мүгедегі 14 адам), жекеше бастамалар бойынша 147 адам, мемлекеттік, өңірлерді дамыту, салалық, тағы басқа да инфрақұрылымдық бағдарламаларға 56 адам қамтылып отыр. Атап айтқанда, “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша 22 адам, “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы бойынша 4 адам, “Бизнестің 2020 жол картасы” және “Агроөндірістік кешені” бағдарламалары бойынша 22 адамнан, жекеше бастамаларға 147 адам жолданған. Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындарына жоспарланған 450 адамның 254-і орындалса, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жоспары артығымен орындалып, 51 адамды құрап отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар