Күршімдік көпбалалы отбасылар баспаналы болды

/image/2019/10/08/crop--4_12_215x287_image-2612-5426.jpg

Күршім ауданында «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында жеке салымшылар есебінен 1464 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов мәлім етті.

– Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жүзеге асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Дулат Қажанов.

Брифинг барысында аудан әкімі биыл «Парыз» фонды арқылы 5 көпбалалы отбасы, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 2 көпбалалы отбасы және 1 толық емес отбасы баспаналы болғанын атап өтті.

– Құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылдың қаңтар-тамыз айында 1 млрд 115 млн 100 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1 пайызға артық, – деді Дулат Қажанов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар