Күршім ауданында инвестиция көлемі өсті

/image/2019/10/08/crop-81_14_517x919_dsc_9669.jpg

Ағымдағы жылы ШҚО Күршім ауданында ет, сүт, жұмыртқа өндіру көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,8 пайызға артты. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов мәлім етті.

– Ірі қара мал саны 85,1 мың басты құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға, соның ішінде сиыр басының саны 40,7 мың басты құрап, 0,9 пайызға, жылқы саны 31,9 мың басты құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға, құс басы 54,9 мың басты құрап, 0,8 пайызға өсті, қой және ешкі саны 197,9 мың басты құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайызға азайды, – деді Дулат Қажанов.

Биыл Күршім ауданына 1 млрд 601 млн 400 мың теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 11,4 пайызға көп. Ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық көлемі 115 млн. 899 мың теңгені немесе өсім 32,8 пайызды құрады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар