Елімізде 36 мектеп апаттық жағдайда

/image/2019/10/22/crop-6_10_476x846_239372.jpg
 
 
2007 жылы "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы іске қосылғаны есте. 2011 жылға дейін жүзеге асырлуы тиіс бағдарлама аясында үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешуді көзделген болатын.
 
Бағдарламаны орындау барысында мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келгені анықталып, 34 қылмыстық іс қозғалғаны да белгілі. Яғни әрбір үшінші нысан бойынша бір қылмыстық іс орын алып отырған. Ал үш ауысымды мектеп мәселесі шешілусіз қалды. Оны шешу осы аралықта ауысқан алты министрдің де қолынан келер емес. Оның себебін ведомствоның бүгінгі басшысы Асхат Аймағамбетов түсіндірді.
 
– Бағдарламаны іске асыру аясында 2016-2019 жылдары 372 мектеп бой көтерді. 80 жекеменшік мектепте мемлекеттік тапсырыс орындалды. Осыған қарамастан, урбанизация үдерісінің үдеуі мен тұрғындардың көбеюі әсерінен үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі шешімін таппай отыр, – деді ол үкімет сағатында.
 
Оның сөзінше білім ошақтарының басым көпшілгі өткен ғасырдың 50-80 жылдары тұрғызылған. Аймақтарда мектептерге күрделі жөндеу жүргізудің жүйелі болмағандықтан ғимараттың апаттық жағдайына әсер етеді.
 
Бүгінде 125 мектеп үш ауысымда жұмыс істесе, 36 білім ордасының жағдайы апаттық деп бағалануда. Сыныптарда оқушылардың шамадан тыс асу жағдайы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сынды миллионер қалаларда жиі ұшырасады. Проблеманы реттеу үшін құрылыс пен күрделі жөндеуді қаржыландырудың жаңа әдіснамасы енгізіліпті. Қаржыландыру көлемі өңірдегі бір оқушыға арналған нормативке сүйене отырып анықталмақ.
 
 
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар