Қызылшаға қарсы 166 мыңнан астам адамға екпе салынған

/image/2019/10/23/crop-76_12_657x876_gettyimages-154725257-569402285f9b58eba493f7e9.jpg

«Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл жерде халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінеді.

Дегенмен, бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бірақ әлі де жоғары, сондай-ақ дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көп.

Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлуі қажет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында осылай деген болатын.

Биылғы жылы Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторлары бойынша көрсеткіштердің төмендеуіне қол жеткізілді. Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Б.Жарқынбековтың айтуынша, 9 айдың қорытындысы бойынша сырқаттанушылықтың нақты көрсеткіші 230,6-ды құрады. 2019 жылға индикаторлық көрсеткіш 300,4 - тен аспайды.

Есепті кезеңде облыста 431 қызылша оқиғасы тіркелген. Аурушаңдық облыстың барлық 11 өңірінде байқалды.

Облысқа қызылша жағдайлары Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ-тан, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлерінен әкелінген. Бүгінде қызылшаның 45 әкелінген жағдайы тіркелді, одан әрі облыс аймақтары бойынша егілмеген тұрғындар арасында таралуда. Ағымдағы жылы облыста қызылшаны тіркеу қаңтар айынан басталып, апта сайын орташа 6 жағдайды тіркеумен басталды, аурудың шыңы сәуір айында аптасына 44 оқиғаға дейін жетті.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жоспарлы түрде 1 жастағы 16328 сәбилерге, 6 жастағы 11799 балаға және жоспардан тыс қосымша иммундау түрінде вакцинация жүргізілген. 9-10 жастағы балаларды, 20-29 жастағы қартайған балаларды, ошақтардағы контакталы адамдарды және медицина қызметкерлерін вакцинациялау, барлығы 166 мыңнан астам адам егілген. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және осы инфекцияның деңгейін бірлі-жарым жағдайға дейін төмендетуге қол жеткізіліп отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар