Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша назар аударылғаны белгілі. Бұл бағыттағы тапсырмалар Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің үлкен міндеттер жүктеп отыр.
Қазіргі жағдайда тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының проблемасы өмір сүру деңгейінің, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық қауіпсіздікті арттырудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Ал бәсекеге қабілеттілік - экономикалық тұрақтылық пен қоғамның тұрақты дамуының факторы.
Биылғы тоғыз айда Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметінің қызметі маңызды мақсатқа – мүдделі мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде реттелетін салада бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ аурулардың алдын алу және облыс халқының денсаулығын нығайту бойынша қолжетімді және тиімді тетіктерді енгізуге бағытталған.
-Қызмет мамандарымен облыстың атқарушы органдарының деңгейіне бірқатар өзекті мәселелер әзірленіп, шығарылған. Олар бойынша 103 қаулы және қалалар мен аудандар әкімдерінің шешімдері қабылданды. Басқа ведомстволармен бірге 439 шешім қабылданып, меморандум жасалды. Бұл өңірдің бірқатар мәселелерін шешуде күш біріктіруге мүмкіндік берді.
2017-2019 жылдарға арналған "Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және сектораралық өзара іс - қимылды дамыту" Жол картасын іске асыру барысында облыс бойынша мамандар 340 акция ұйымдастырды, оған 3650 адам қатысты,-дейді Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Б.Жарқынбеков.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орындары» жобасын және жол картасын іске асыру мақсатында жұмыс берушілермен салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден бас тарту бойынша аймақта 166 меморандумға қол қойылыпты.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.
Пікір қалдыру