ШҚО Тарбағатай ауданында рұқсаты бар малшыларға қару ұстауға болады

/image/2019/10/28/crop-240_48_600x800_115238282300.jpeg

Тарбағатай ауданындағы Ахметбұлақ ауылында екі адам қару ұстауға рұқсат алған. Енді аң атуға келісім берілді. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Серікқазы Садвақасов мәлім етті.

– Біз құзырлы мекемелерге хат жаздық. Сөйтіп, қару ұстауға рұқсаты бар азаматтарға аң атуға рұқсат етілді. Бұл мәселе біздің басты назарымызда, – деді аудан басщысы.

Естеріңізге сала кетейік, өткенде Тарбағатай ауданында қораға қасқыр түсіп, 70 қойды тартып кеткен болатын. Бұл жағдай Ахметбұлақ ауылында орын алды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар