"Oyan, Qazaqstan" қозғалысы митинг өткізетінін хабарлады

/image/2019/10/29/crop-31_0_621x828_72891044_143600623616838_8466217040297289931_n.jpg

"Oyan, Qazaqstan" қозғалысының әлеуметтік желілердегі парақшаларында парламенттік республиканы талап ету үшін митинг өтетіні хабарланды. Акция 9 қарашада өтеді деп күтілуде.

"Біз бейбіт жиналу құқығымызды жүзеге асыру үшін көшеге шығамыз.

Талаптарымыз:

⁃  Барлық азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы
⁃  Парламенттік республика жүйесіне көшу
⁃  Шын мәніндегі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
⁃  Сайлау жүйесінің реформасы
⁃  Сот билігінің тәуелсіздігі мен заң үстемдігі
⁃  Полицияның парламентке есеп беріп, қоғам мүддесіне қызмет етуі
⁃  Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктердің дербестігі

Митингтің өтетін орны 01.11.19 күні хабарланады" делінген қозғалыстың www.facebook-тегі парақшасында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар