Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға екі күндік жұмыс сапарымен келді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы үлкен жиналыс өткізеді деп жоспарлануда. Күн тәртібінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері тұр. Президенттің жұмыс сапар бағдарламасы бірнеше нысандарды аралауды қамтиды.
"Президент бүгін "Жаңа Алматы" бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, "Балалар үйінің" тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады.
Сонымен қатар «Tech Garden» инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болады" – деп президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейзбуктегі парақшасында мәлім етті.
Сондай-ақ жұмыс сапарының екінші күнінде мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді.
Пікір қалдыру