Түркия – Оңтүстік-Батыс Азияда 97% және 3% Еуропада орналасқан. Түркия мемлекеті 1923 жылы Осман империясының құлауынан кейін орын тепті. Ал елдегі ең үлкен қала – Стамбулдың негізі 667 жылы қаланған.
Бір жылда елге 40 миллионнан аса турист келеді екен. Әрине саяхаттаушы турист үшін Түркия елінде барлық жағдай жасалған және өзіндік ерекшеліктері бар.
Түркия еліне жасаған саяхатымда біраз қызықты жайттарға куә болып, халқының өмір сүру дәстүрі мен өзіндік ерекшеліктерімен таныстым.
Алғаш түрік отбасына қонақ болып барған кезде барлығымен екі реттен құшақтаса отырып, жылы шыраймен қарсы алды. Түрік асханасы да өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Таңғы ас ішу әрбір тұрғын үшін ерекше маңызға ие.
Қонаққа өмір сүру ерекшеліктері мен дәстүрін кеңінен таныстырады екен. Қазақстан халқына деген ықыластары да ерекше. Біздегі болып жатқан барлық жаңалықтарымен танысып, хабардар болып отыратындары жайлы айтып өтті.
Түркияның кез-келген тұрғыны мысықты ерекше құрметтейді және күтім жасап тамақтандырады. Бір апай: «Бұл біздің ханзада мен ханшайымымыз» деп әзілдегені есімде. Бұрынғы кезде мысықты зәулім сарайларда ұстап, жоғары тап өкілдеріне сыйға бергені белгілі.
Түрік халқында шай ішу дәстүрі кең етек алған. Қандай жерде болсын, қай уақытта болсын шай ішуден бас тарта алмайсыз. Түріктің кофесі де ерекше беделге ие. Сүлейман Сұлтан кезінен келе жатқан түрік сусындары – басқа елден келетін туристер үшін тансық бір дәм.
Түрік халқы сауда жасаумен және қызмет көрсетуінің жоғары сапасымен бірден ыстық ықыласқа бөленген. Еңбекқор халықтың тұрмыс-тіршілігін сырттай бақылаған адамға ерекше әсер қалдырады.
Түркия елінде темекі тарту айтарлықтай етек алған екен. Көшедегі кез келген тұрғыннан бастап темекі тарту үйреншікті көрініс көрінеді.
Адамдары бір-бірінің есімдері айтқаннан гөрі «Аби», «Абла» сынды тіркестерді жиі қолданады. Бұл да бір құрмет және кең етек алған.
Түркияда тарихи жерлер, ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған ескерткіш орындары айтарлықтай көп. Әрбір орынға кірудің өзі қалтаңызды біраз қағып, уақытыңызды да алады. Себебі кезекте тұратын халықтың саны көп және билет құны арзан емес. Алайда арнайы Museum card сынды қосымша жеңілдік сыйлайтын картаның арқасында ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік аласыз.
Айя София мұражай ғимараты. 325 жылы император Константиннің бұйрығы бойынша негізі қаланған. Ғимаратты 10 мың жұмыскер 5 жылда салып бітірген.
Белгілі жазушы Орхан Памук Стамбулды құпия қала деп есептейді. Әрбір есік, әрбір көше, әрбір көпір өзіндік мән мен мағынаға ие. Жазушының сөзінше, Түркиядағы ең танымал және құпия мен сырға толы сұлтан сарайы – Топкапы.
Пікір қалдыру