Денсаулық зор байлық дейміз. Бірақ оның маңызына мән бере береміз бе? Қазақта бір ұлағатты тәмсіл бар: «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды ізде». Шындығында да солай. Салауатты өмір салтын құрып, тек жүргендер, тоқ жүргендер жетерлік. Халықтың сау, бақуатты өмір сүруі ең алдымен мемлекетке жақсы. Ал мемлекеттік билік тұрғындардың денсаулығының артуына барлық жағдайды жасап жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған 100 нақты қадам, Ұлт жоспары бағдарламасында да халықтың денсаулығын күшейтуге қатысты барлық шаралардың жүргізілуі керектігіне тоқталған. Атап айтар болсақ, Ұлт жоспарының 80 қадамында медицинаға қатысты жасалынатын жұмыстардың бір сарасы нақты тапсырма ретінде берілген. «80 - қадамда Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады». деп атап көрсетілген. Демек, 100 нақты қадам медицина саласының дамуына қуатты серпін беретіні сөзсіз.
Жалпы айтқанда, 80 қадамда «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) туралы бекер айтылып отырған жоқ. Қазақ тілінде бұл термин бірақ әртүрлі қолданылып жүр, бір жерде жоғарыда айтылған БМСК делінсе, екіншісінде «Медициналық санитариялық алғашқы көмек» (МСАК) деп те айтылады. Сондықтан біз көңілге қонымды болып жүрген МСАК терминін алдық. Жалпы әлемдік медицинада МСАК-тың Қазақстанмен, оның ішінде Алматы және Астанамен тікелей байланысы бар. Өйткені осыдан 41 жыл бұрын, нақты айтқанда 1978 жылы Алматы қаласында медициналық -санитариялық алғашқы көмек туралы Алматыда дүниежүзілік халықаралық конференция өткені белгілі. Бұл әрине сол кездегі қазақстандық биліктің қолдауымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНИСЕФ-тің өткізілген. Оған сол кездегі Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігін басқарған Төрегелді Шармановтың та еңбегі зор болғанын айта кету керек. Қалай айтқанда да, Алматы конференциясы тарихи шешім қабылдады. Сөйтіп, әлем медицинасы МСАК-тің маңызы зор халықаралық құжатын Алматы қаласында қабылдады. Бұдан кейінгі әлем медицинасының басын қосқан кездесу Астана қаласында өтті. Бұл жиын Медициналық санитариялық алғашқы көмек туралы (МСАК) қабылданған Алматы декларациясының 40 жылдығына арналды. Ал МСАК-тің Астана жиынына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 120 елден азаматтар келді. Медицина саласына қатысы бар жандардың барлығының басын құраған бұл саммит тағы халықаралық маңызы бар құжат қабылдады. Ол – Медициналық санитариялық алғашқы көмекті жандандыру туралы Астана декларациясы.
Ал Астана декларациясын қабылдаудың алдында оған қатысты әлемнің түкпір түкпірінен 500-ден астам ұсыныс түскен. Мұның өзі 40 жыл бұрынғы халықаралық құжатқа қайта, жаңаша көзқараспен қараудың маңыздылығы арта түскенін дәлелдейді.
Астана декларациясын дайындауға халықаралық қоғамдастықтың да ынтасы зор болды десек, қателеспейміз. Оған әлемдегі және Қазақстандағы дәрігерлерден 500-ден астам ұсыныс түскен. Бұл құжат ақиқатында медициналық қызмет сапасын арттыруға өлшеусіз ықпалын тигізді.
Біріншіден, 40 жылдан астам уақыттан бері медицина саласында көп өзгерістер болды.
Екіншіден, денсаулық саласы цифрландыруға көшті.
Үшіншіден, ақпараттық те,хнология медицина саласында күрт дамыды.
Төртіншіден, халықтың денсаулығы артты.
Бесіншіден, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы ұзарды.
Алтыншыдан, медицинаға жаңаша көзқараспен қарау күн тәртібіне көшті.
Жетіншіден, әлемде инфекциялық аурулар күрт азайды.
Сегізіншіден, созылмалы аурулардың алдын алу өзекті мәселеге айнала бастады.
Тоғызыншыдан, халықтың денсаулықты сақтауға әлеуметтік жауапкершілігі артады.
Ерекше айта кетер бір жағдай, Алматы басқосуының заңды жалғасы болған Астана декларациясы медицинада Қазақстанның тарихи рөлінің арта түскенін нақты дәлелдейді. Мұны біз бекер отырған жоқпыз. Осыдан бірнеше күн бұрын, яғни 23-25 қыркүйекте Нью-Иоркте тағы да халықаралық маңызы бар жиын болып өтті. Бұл да енді Қазақстанға тағы да тікелей қатысты. Нақты айтқанда, БҰҰ Бас Ассамблеясының 74 сессиясының аясында әлемдік медицинаның басшылары МСАК-тің қазақстандық үлгісін талқылады. Қысқартып айтқанда, Медициналық санитариялық алғашқы көмекке қатысты (МСАК) тарихи құжат қабылданған қазақстанда осы сала бойынша не істелініп жатыр, ол қалай жүзеге асады. Аталған мәселелердің барлығы да сессия аясында сөз болып, денсаулық саласының өкілдері қазақстандық делегацияның атап айтқанда, министр Елжан Біртановтың жұмысының нәтижесін тыңдады. Басқосуда МСАК арқылы денсаулық саласындағы әлемде болып жатқан өзгерістер мен жаңашыл бастамалар талқыланды.
Жиында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Елжан Біртанов МСАК-қа қатысты Алматы және Астана декларациясы әлемдік медицина саласы мен денсаулық сақтаудың ең басты іргетасы болып отырғанын атап көрсетті. Біртанов сондай-ақ адам денсаулығы Қазақстан үшін ең басты құндылық екенін де айтты. Келер жылдан бастап, елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Халыққа медициналық көмек қолжетімді болады, медицина қағазбастылықтан арылып, түгелдей электронды қызметке көшеді.
Қазірдің өзінде мұның айқын көрінісін біз байқап жүрміз. Елбасы тапсырма етіп қойған 100 нақты қадамның Ұлт жоспарындағы 80 - қадам толықтай орындалып жатыр. Медицина саласындағы реформа қазіргі таңда қарқын алды. Өйткені жоғарыда атап көрсеткеніміздей. Медициналық санитариялық алғашқы көмекке (МСАК) қатысты халықаралық құжат 1978 жылы Алматыда, сосын 40 жыл өткен соң, заңды жалғасы ретінде Астанада қабылданды. Ал енді БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 74 сессиясында МСАК-тың қазақстандық үлгісінің таныстырылуында да осындай сыр жатыр. Сондықтан Алматы және Астана декларациясының заңды жалғасы Нью-Йоркте жалғасын тапты десе де болады. Айғақ ретінде Нью-Иоркте саяси декларация қабылданды. Ол жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамамасыз етуге арналған саяси декларация деп аталады. Демек, Қазақстан медицина басшысының сонау мұхиттың ар жағына барып, БҰҰ-ның сессиясында МСАК-тың қазақстандық үлгісін таныстырып жатуының өзі біз үшін үлкен жағымды қадам екені сөзсіз.
Пікір қалдыру