2019 жылдың 1 желтоқсаннан бастап Алматы мен елордадағы "Magnum" гипермаркеттерінде пакет 5 теңгеден сатылатын болады. Бұл туралы "Magnum Cash&Carry"-дың PR-менеджері Дмитрий Шишкин хабарлады.
Бұл - пластикалық пакеттен бас тарту туралы экология министрлігінің бастамасын жүзеге асыруды алғашқы кезеңі. Осы арқылы пакетті шамадан тыс алуды төмендету көзделген. Әлемдік тәжірибеде пакетке төлем енгізу пластик қолданысын 30-70 пайызға азайтқанын көрсетіп отыр.
Сондай-ақ жуық арада дүкенге биоерігіш, қағаз пакеттер мен сөмкелер сынды пластик пакеттерге альтернативті өнімдер әкелінбек.
Пакет сатылымынан түскен табыс толықтай қайырымдылыққа жұмсалмақ.
Пікір қалдыру