Суретші Ренат Елубаев Ұлттық арнадағы "Ашық алаң" бағдарламасында әлемдік деңгейде жақұт саналатын анайы суреттерді салу қазақтың болмысына келмейді деп пікір білдірді.
Одан өзге суретші бағдарлама барысында адамзаттың діни, идеологиялық идеялардың соңынан шектен тыс еріп кетуі үлкен қасіреттерге ұрындыратынын айтты.
Оның сөзінше, адам тым діншіл болған сайын өзге адамның құқығын шектейді
Ринат Елубай: "Қандай сурет салсада адамның өз еркі. Бірақ, біз бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Біз кімбіз? Қазақпыз! Біздің өзіміздің дініміз, діліміз, өзіндік дәстүріміз бен болмысымыз бар. Мысалы мен Еуропаға еліктеп, махаббат саябағында жартылай жалаңаш қазақ қызының суретін қоюға мүлдем қарсымын. Себебі, біздің менталитке келмейді.
Аталған олқылықтардың орнын толтыру орнына соны мақұлдап жатыр. Суретті тексеретін арнайы комиссиялардың өзі шала қазақтар. Яғни қазақ ұлтына, мәдениетіне дініне қарсы адамдар. Қазақ боп туған біз ортаны ұстануымыз қажет.
Еуропада өнерде дамығанымен, оларда анайы дүниелерді көрсету арқылы шектен шығып отыр. Олардың ойынша, біреудің ұятсыз жерін салу – өнер. Бізге анайы суреттің қажеті жоқ, критерий жасауымыз керек".
Пікір қалдыру