Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек Қанат Бозымбаевтың не үшін қызметінен кеткенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Жақында министр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа оның мойын омыртқасына жасалған операцияға байланысты денсаулығының жай-күйі туралы хабарлады. Сондықтан дәрігерлердің ұсынысы бойынша ол көліктік сапарлар мен әуе сапарларын барынша азайтуы керек", - деп жазды Жеңісбек өзінің Telegram парақшасына.
Бүгін, 18 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қанат Бозымбаев энергетика министрі қызметінен босатылып, президент көмекшісі болып тағайындалды. Бозымбаев энергетика министрлігін 2016 жылдың наурыз айынан бері басқарған. Оның алдында ол 2013 және 2016 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі болған.
Пікір қалдыру