Дархан Кәлетаев қандай қызметке барғаны туралы ақпарат шықты

/image/2019/12/20/crop-44_2_323x431_5df9d00a8e7a4.jpg

Саясаттанушы, Қазақстандағы кадрлық тағайындаулар туралы инсайдерлік ақпараттарды таратумен танылған Ербол Еділов әлеуметтік желілердегі парақшасында президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған Дархан Кәлетаевтың Украинаға елші болып тағайындалатыны жайлы хабарлады.

Оның жазуынша, Кәлетаев Киевке аттанып үлгерген. Тағайындаудың ресми хабарлануы уақыт еншісіндегі шаруа ғана.

Саясаттанушы Кәлетаевқа қызмет таңдалғанда оның пікірі ескерілгенін жазады.

Билік білікті саяси технолог ретінде белгілі Дархан Аманұлын пайдалану арқылы жуырда Тоқаевтың Қырым аннекциясы туралы айтқанынан кейін пайда болған екі ел арасындағы дипломатиялық салқындықты қайта жақсартқысы келетінге ұқсайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар