Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында игерілмеген жерлерді қолдану мерзімін қысқартуды ұсынды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
– Ауыл шаруашылығы жерлерін игеруді жаңа технологиялардың көмегімен, замануи тәсілдерге жүгіне отырып іске асыру өткір мәселеге айналды. Мен жерлерді қолдану аясын қашықтан бақылауды жүзеге асыратын заң қабылдадым, – деді ол.
Сондай-ақ президент игерілмеген жерлерге салынатын салықты өсіру керектігін мәлім етті.
– Игерілмеген жерлерге салынатын салықтың мөлшерін 10-нан 20 есеге дейін арттыру қажет. Игерілмеген жерлердің қолдану мерзімін екі жылдан бір жылға қысқарту керек, – деді Тоқаев.
Пікір қалдыру