Сириядан оралған қазақстандықтар сотталды

/image/2020/02/06/crop-257_4_557x742_fc3f34b1-38be-41b2-b751-0a36d1394dcf_cx0_cy9_cw0_w1023_r1_s.jpg
Былтыр Сириядан оралған 600-ге жуық қазақстандықтың 43-і сотталды. Оның 31-і ер адам, 12-сі әйел. Қазіргі таңда 14 адамға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
 
Комитетінің дерегінше, былтыр Сириядан "Жусан" операциясымен 595 қазақстандық елге қайтарылған. Олардың 156 әйел, 33 ер адам, 406 бала.
 
Олар кезең-кезең бойынша Қазақстанға эвакуацияланған.
 
Барлық әйелдер мен балалар реабилитация және бейімдеу кезеңінен өткен.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар