Косарев: Сыбайлас жемқорлықпен күресудің уақыты келді

/image/2020/02/06/crop-12_6_581x774_c3ea4e29-c41f-4edf-9803-68b2093778e6.jpeg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша түзетулерді таныстыру барысында мәжіліс депутаты Владислав Косарев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектеновке заңдарды қатайтуды ұсынды. Сондай-ақ депутат Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жолдарын атап айтты. Бұл туралы Tengrinews хабарлайды.

– Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық құжаттарды бірінші рет қабылдап отырған жоқпыз. Менің ойымша, егер де коррупциямен күресетін органдар кімнің кімге сыйлық бергенін және кімге қонаққа барғанын қадағалап отыратын болса, ондай органдар өздерін жоғалтады. Неліктен билік шетелге экспортталған үлкен көлемдегі қаражат туралы парламенттік сұрақтарға жауап бермейді? Соңғы отырыста парламенттік жиында сұраққа ешкім жауап бере алмады және ешкім шығып талдамады. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күрес емес, керісінше көзбояушылық. Менің ойымша, қазір жемқорлықпен күресетін уақыт келді. Сонымен қатар, біз түзетіп жатқанда заңнамаларды қатаң талаппен бекіту қажет", – деп пікір білдірді Косарев.

Осы тұста Олжас Бектенов Косаревтің пікірімен келіспейтінін атап өтті. 

– Сыбайлас жемқорлықпен, оның ішінде агенттікпен күрес жүргізілмейді деген тұжырыммен келіспеймін. Егер статистикаға жүгінетін болсақ, онда бізде жыл сайын 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталады. Оның ішінде ірі пара алу мен ұрлықтар. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жариялануда. Жыл сайын 1200-ден астам адам сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылады, сондықтан жемқорлықпен күрес қатаң жалғасуда және осы бағытта алдын алу жұмыстары жүргізілуде, – деді Бектенов. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар