Қазақстанда болған ұлтаралық қақтығыстар

/image/2020/02/12/045913160700.jpg

Дүниежүзі бойынша  3,5 миллион адам этносаралық жанжалдың құрбаны болған. Бұндай қақтығыстардың кесірінен өз мемлекетінен өзге мемлекетке шекара асып босқын ретінде 15 миллион адам тіркелген. Дүниежүзі халықтарының арасындағы өршіп тұрған ахуал қазақ халқында бей-жай қалдырған емес. 1980-1990 жылдар аралығындағы посткеңестік дәуірде  этникалық қырқыстар жеткілікті дәрежеде болған.  Ресейдің қол астындағы түрлі этностық топтар өзара қырқысып, қарулы түрде конфликтіге келген. Бір-бірін аяусыз түрде басып – жаншып, қоғамдағы ең сорақы ұлтаралық жанжалдың көрінісін бейнелеген. Этностар арасындағы бітімге келу мен бейбіт келісімнің жоқтығынан Ресейдің қол астындағы этникалық топтар өз басшыларын тағайындап, жеке дара мемлекет құруға түрлі әрекеттер жасап баққан.

Қазақстаның тарихындағы этникалық толқулар, Орта Азия мемлекеттеріндегідей өте қиын жағдайда. Себебі көп ұлтпен бір шаңырақ астында тұру, біршама қиындықтарды тудыратыны анық. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2010 жылғы сәуірде  “Ұлт бірлігінің доктринасын”  қабылдау арқылы ұлттық мүддені сақтау мен дамытудың жаңа баспалдағына қадам басты. 

Мемлекетіміз қанша жерден ұлтаралық мәселелерді шиеленістірмеу үшін конституциямызға арнайы заңнама жобасын енгізіп, “Ұлт бірлігінің доктринасын” қабылдаса да, елдегі этникалық топтар арасындағы қырқыс басылар емес. Ерте заманнан беріге белең алып, кең өріс жайған кішігірім ұлтаралық топтардың белдерін бекем буып, қазақ жерінде қырғын төбелес шығаруы тұрақталмауда.

Сонау керуен көшкен заманға көз салсақ, этносаралық дау қазақ жерінде 1951 жылдан басталған. Сол жылдары қазіргі Шығыс Қазақстан облысында шешен ұлтымен арадағы қақтығыс тарих беттерінде түртілген. Шендермен болған бұл соңғы қырқыс емес еді. Дәл осы оқиға 1989 жылы Ақтауда, 1992 жылы Өскеменде қан төгумен өз жалғасын тапқан. Сонымен қатар 2006 жылы тамыз айының 20-да Батыс Қазақстан облысында Кавказ ұлты мен қазақтар арасындағы дау болды. Бұл кезде орталық алаңға 400-1000 адам жиналған. Осы жылы Атырау облысы Жылыой ауданында түріктер мен қазақтар арасында ауыз толтырып айтарлықтай мәселе шыққан. 2006 жылдары тағы да қазақ-ұйғыр, қазақ-шешен, қазақ-күрт арасындағы ұлтаралық жанжалдар қантөгіспен аяқталған. 2015 жылы тәжіктермен де біршама мәселелер туыңдайды..

Ең сорақысы 2016 жылдың ақпан  айында қазақтар мен түріктер арасында адам шошырлықтай жағдай туындайды. Бұл даудың түп төркіні 17 жасар түрік баласы 5 жасар қазақ баласының денесін 11 жерден пышақтап өлтіруінде. Ашудың жетегінде кеткен  қазақ азаматтары түріктердің үйлерін таспен ұрып қиратады.

2019 жылдың 1 қаңтарында Қарағандыда орын алған әзірбайжандар мен қазақтар арасындағы даудың буы әлі суымаған.

Қазақ жерінде 1951 жылдан бастау алған ұлтаралық шиеленістер бүгінгедейін жалғасуда, айта кететін болсақ, билығы жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында дүнгендер мен қазақтар арасында жантүршігерліктей оқиға болды. Нәтижесінде 10 адам қаза тауып, қазақ азаматтарының біразы көршілес Қырғызстан мемлекетіне шекара асып кетті.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар