Алматыда 490 адам коронавирус бойынша карантинде жатыр

/image/2020/03/11/crop-107_2_653x871_5e68cfdf58988064589972.jpeg

Коронавирус жұқпасының алдын алу үшін, сақтық шарасына байланысты Алматы қаласының түрлі медициналық нысандарында 490 адам карантинде жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады. 

Инфекцияны жұқтырғандар Алматы қаласының 2 ауруханасына оқшауланған. 1 «а» санаты бойынша карантинге жатқызылған адамдар коронавирус жаппай таралған Иран, ҚХР, Оңтүстік Корея және Италия елдерінен келгендер.

14 күнге оқшауланған адамдардан қауіпті вирустың белгісі анықталмаған. Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарлауынша, 1 санаттағы елдерден келген тұлғаларға  2 жұқпалы аурулар ауруханасы мен көпсалалы 4 медициналық орталықта төсек-орын қарастырылған.

Басқарманың хабарлауынша, қазіргі уақытта ауруханаға келушілердің саны күрт көбейген. 14 күндік карантиннен бөлек, Алматыға Ұлыбритания, Нидерланды елдерінен келген тұлғалар 2-санат бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған.

Шетелден келген азаматтар 10 күн дәрігерлермен байланыста болып, жағдайды хабарлап отырулары тиіс.

– Барлық келуші азаматтар осы жағдайға бірдей қарап, карантин мерзімін ұстауға тиіс, оны бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынады. Медицина қызметкерлері бұл адамдарды таппаған жағдайда, Көші-қон қызметіне, шетел азаматтарын таппаған жағдайда ҰҚК-ге қосымша хабарлайды, – деді Алматы қаласының әкімдігі.

Әкімдік індеттен сақтану тек дәрігерлерге ғана емес, тұрғындардың тікелей өздеріне де байланысты деп айтты. Инфекцияның алдын алу  үшін мамандар адамдарға беті-қолын жиі сабындап жуып, қолды спирт антиспетигімен сүртумен қатар, адам көп шоғырланған жерлерге бармау керек екенін ескертті.

Сондай-ақ карантинге алынған адамдар ескертуді елемей, қонаққа барса әкімшілік жазаға тартылады деп атап өтті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар