Қазақстанда коронавирус жұқтырған әйел қайтыс болды

/image/2020/03/26/crop-153_5_774x1033_koronavirus-covid-19-segodnya-poslednie-novosti-karta-statistika-simptomy-u-chel

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

– Құрметті отандастар, бұл шұғыл брифинг. Өкінішке қарай, Қазақстан азаматы коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қаза, барлығымыз ауыр қайғыдамыз. Ертең Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық мәліметтерді қосып, толық мәлімет береді. Бұл жағдай коронавирустың қаупін тағы да ескертіп отыр. Қазір болып жатқанның бәрі барлығымызға сын, –  деді Дәурен Абаев "Хабар 24" арнасының эфирінде.

Тағы оқыңыз:

♦ Коронавирус: Алматыда бір науқастың жағдайы ауыр

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар