Қазақстанда коронавирус анықталғандар саны 112-ге жетті

/image/2020/03/26/crop-2_70_192x316_14dffea0-6cb2-40b8-8960-abe33a75f19e.jpg

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпараттық хабарламада мәлімделді.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 112 науқас тіркелді" делінген ақпараттық хабарламада.

Қазақстанда 26 наурыз күні вирус жұқтырғандар күрт көбейді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерігінше, бүгін 32 адамнан вирус табылды.

♦ Тағы оқыңыз:

Коронавирус: Алматыда бір науқастың жағдайы ауыр

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар