Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Атырау облысында коронавирус індетін жұқтырған 3 адам тіркелгенін хабарлады. Осылайша елде вирус анықталған азаматтар саны 124-ке жетті.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3 адам, Атырау облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам анықталды.
Пікір қалдыру