Полиция қызметкерлері алматылықтарға үндеу жасады. Сондай-ақ қажет азық-түлікке үйден шықпай тапсырыс беруге шақырды. Бұл туралы брифинг барысында полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты.
Қалалық полиция басшысы елде төтенше жағдайдың енгізілуіне және қалада карантинге байланысты азаматтардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Брифингке қатысқан тұрғындардың бірі "супермаркетке немесе дүкенге барғандарға да айыппұл салына ма" деп сұрады. Таймерденов болса Алматыда тапсырыспен үйге жеткізетін дүкендердің көп екенін айтты.
"Қазір қаладағы дүкендердің 90 пайызға жуығы тапсырыспен азық-түлікті үйіңізге әкеледі. Егер азық-түлік дүкені немесе супермаркет алыс болса үйге тапсырыс беріңіздер", - деді Қанат Таймерденов.
Пікір қалдыру