Министр: Қазақстандағы коронавирус жұқтырған 8 адамның жағдайы ауыр

/image/2020/03/30/crop-44_3_375x500_52860853_303.jpg

Қазақстандағы коронавирус жұқтырған 8 адамның жағдайы ауыр. Олардың төртеуі жасанды аппаратпен демалып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Министр емделіп жатқандардың арасында 14 жасқа дейінгі екі бала бар екенін айтты. Оны айтуынша, Қазақстанда вирус жұқтырған 302 адамның 79-ы – шетелден келсе, 97 науқас вирус жұқтырғандармен байланыста болған. Ал 131 адамның вирус жұқтыру себебі белгісіз. 

Қазақстанда 20 адам коронавирустан айықты. Жазылғандардың арасында 12 жастағы қыз да бар. Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар