Тоқаев: Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым

/image/2020/03/30/crop-216_5_627x836_2020020723364694802_bf85e107e890e0e2-1140x641.jpg

Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін қолдаудың жаңа пакеті әзірленеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды.

"Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым. Қазіргі төтенше жағдай кезінде көтеріліп отырған мәселелер өзекті. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият сарапталады. Сонымен қатар басқа да шаралар қарастырылады", деп жазды президент.

Сондай-ақ президент әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті әзірленген соң, қабылданған шешімдерді жариялайтынын айтты. 

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар