Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 адам тіркелді

/image/2020/03/30/crop-104_26_440x587_thumbmaker.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталғанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Қарағанды облысында – 6 адам, Алматы облысында – 1 адам тіркелді. Осылайша, вирус жұтырғандардың жалпы саны 302-ге жетті.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 168 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 9 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 5 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адамнан анықталды. 

Еске сала кетсек, коронавирус жұқтырғандарды емдейтін дәрігерлерге бір миллионға дейін төленетіні хабарланған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар