ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы жасаған мәлімдемесінде тегін азық-түлікті алатын азаматтар санаты кеңейетінін айтты.
– Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтар көбейеді. Мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да көмек ала алады. Тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі, – деді Президент.
Мәлімдеме барысында үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелгені, осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатыны хабарланды.
Пікір қалдыру