"Олар – бүгінгі күннің батыры". Тоқаев медицина қызметкерлеріне алғыс айтты

/image/2020/03/31/crop-5_6_400x711_bbzje4q.jpg

 

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне үш ай бойы үстеме ақы төленеді. Бұл туралы бүгін тікелей эфир арқылы мәлімде жасаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

"Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты. Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық" деді президент. 

Соңғы дерек бойынша, қазір елде коронавирус жұқтырғандар саны 340 адамға жетіп отыр. Екі адам індеттен көз жұмып, 22 адам жазылып шықты. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда. Cоңғы ақпаратқа қарғанда, Бұл қалада 178 адамнан вирус табылған.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар