Алматыда карантин талабы сақталса, коронавирус таралуы екі аптада төмендейді

/image/2020/04/02/crop-13_6_674x1028_5b53f6a970f9caf71dcec66d4f9eb241_resize_w_1140_h_696.jpg

Алматыда тұрғындар карантин талаптарын бұлжытпай орындаса, коронавирустың таралуы жақын арада төмендейді. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты. 

"Егер өзін-өзі оқшаулау жоғары деңгейде болса, екі аптадан кейін біздің қаламызда індет жұқтыру күрт төмендейді деп болжап отырмыз" деді Әбілдаев.

Алматы – коронавирус жұқтырғандар саны жағынан екінші орында тұр. Соңғы мәлімет бойынша, бұл қалада 90 адамнан вирус табылған. Олардың 11-і індеттен жазылып шықты. 

Алматы 19 наурыздан бастап карантинге жабылды. 22 наурыздан бері қалаға кіріп-шығуға тыйым салынды. Қала ішінде 31 наурыздан бастап карантин шаралары күшейтілген. Қазір қала тұрғындары тек дүкен мен дәріханға шыға алады. Жұмысқа бара алады. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар