Қазақстанда қандай жағдайда карантин режимі жеңілдетіледі?

/image/2020/04/21/crop-22_8_751x974_1586107267qnert_1000x768.jpg

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. 

«20 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиндік режим жеңілдетілді. Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Соның ішінде құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешім қабылданатын болады. Басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетін болады. Мұндай жұмыс еліміздің басқа да өңірлерінде жүргізіледі. Дегенмен, бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады. Елжан Амантайұлы (ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов - ред.), мәселені қатаң бақылауда ұстаңыз», - деді Премьер-Министр Үкіметтің онлайн отырысында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар