Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 1271 тәртіп бұзушылық анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Облыстың тәртіп сақшылары 1 мамырға дейін ТЖ режимін бұзудың 1271 фактісін анықтаған. Оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 1217 іс тіркелді, қамауға алынғаны – 237 адам, айыппұл салынғаны – 282, ал 645 адамға ескерту жасалып, 44 материал сотқа жіберілді.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқықтәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 54 бұзушылық анықталған, оның ішінде 24 адамға айыппұл салынды, 30 адам қамауға алынды.
Тұрғындардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері де орын алуда, мұндай заңбұзушылықтардың саны 79–ға жетті.
Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Пікір қалдыру