Қазақстанда 13 наурыздан 1 мамырға дейін коронавирус инфекциясына тест сынамасын тапсырғандар – 268 534. Ал, 1 мамырда 19 007 адам тестілеуден өткен. Бұл туралы coronavirus2020_kz хабарлады.
Тест сынамаларын тапсырғандардың көпшілігі Алматы қаласында. Барлығы – 44 065 адам. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында – 37 773, Қарағанды облысында – 18 833 адам, Павлодар облысында – 16 254, Ақмола облысында –14 463 адам тексерістен өткен.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 3 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Пікір қалдыру