БҰҰ "коронавирус көптеген елдерде ашаршылық туғызуы мүмкін" деп мәлімдеді. Оған сыртқы қарызы көп, шикізат экспортына тәуелді және халықаралық инвесторлар кетіп жатқан "әлсіз елдер" кіреді. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми өкілі Марк Локок "коронавирус көптеген елдер мен аймақтарға аштық әкелуі мүмкін" деп ескертті.
БҰҰ миллиардтаған қаржыландыруға жүгінетін Пәкістан мен Филиппин сияқты коронавирус зардабына дайындығы әлсіз елдер тізіміндегі алғашқы тоғыз мемлекетті атады. БҰҰ ақпаратынша, пандемиядан қорғану жүйесі әлсіз елдерге ашаршылық қаупі төніп тұр.
– Коронавирус дағдарысы мен ашаршылықтың алдын алуға көмек ретінде "әлсіз елдер" миллиардтаған доллар қаражат сұрағанын хабарлаған болатынбыз, – деді БҰҰ өкілі.
БҰҰ ақпаратынша жалпы 50-ден астам "осал ел" тізімі бар.
Неге "осал елдер" пандемиядан ауыр зардап шегеді?
BBC ақпаратынша оған үш түрлі себеп бар:
1. Шикізат бағасы
Көптеген "осал елдер" – шикізат экспортерлар. Сондықтан мұнай бағасының түсуі оларға айтарлықтай әсер етеді.
2. Инвесторлардың кетуі
Халықаралық инвесторлар дамушы елдерден ақшаларын алып кетіп жатыр. Бұл – әрине болашақ инвестиция көлемін азайтады.
3. Сыртқы қарыз
Көптеген кедей елдер бай елдерге қарыз және берешек АҚШ долларымен немесе еуромен алынған. Егер олардың ұлттық валюталары құнсызданса, бұл қарыздарды өтеу немесе оларға қызмет көрсету әлдеқайда қымбатқа түседі.
Пікір қалдыру