Жақында ғана партия құратынын айтып, партиясының атын "Сен" деп қойғанын жариялаған кәсіпкер Ахметбек Нұрсила "Мен құрған партия үшін 100 000 адам дайын тұр" деп мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі хабарлайды.
Өзінің "Бизнес Бастау" деп аталатын YouTube арнасында тікелей эфирге шыққан бизнес тренердің айтуынша, оның командасы партия құруға дайындалғанына ұзақ уақыт болған. Тікелей эфирде Ахметбек Нұрсила өзінің бизнеске тәрбиелейтін мектебінен 40 000-ға жуық адамның оқып шыққанын айтты. Кәсіпкердің ойынша, оның бастамасын бизнес мектебін бітірген түлектердің барлығы және олардың таныстары мен туысқандары, дос-жарандары қолдайды. Ал, олардың жалпы саны 100 мыңға жететін көрінеді.
–Біз үшін 20 мың адамды жинау бір-ақ күндік жұмыс,– деген кәсіпкер партияның бірінші құрылтайы 26 тамызда болатынын айтты. Оның себебін "сол күні қазақтың территориясы бекітіліп, бірінші республикасы құрылған" деп түсіндірді.
Пікір қалдыру