Ержан Бабақұмаров техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша комиссия отырысын өткізді

/image/2020/05/16/crop-65_12_832x1109_img-20200515-wa0016.jpg

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен бейнеконференц-байланыс режимінде 2020-2021 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысқа Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, Әлеуметтік әл-ауқат, Стратегия мен бюджет басқармаларының, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары, сондай-ақ қоғам мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. 1

Отырыстың басты мақсаты – қала колледждерінде жұмысшы мамандықтар кадрларын даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына енген мамандықтар тізімін анықтау. Ол үшін қалалық еңбек нарығының қажеттілігі және оларды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис экономикасының өсуінің жаңа моделін құру бойынша қойған міндеттері арқылы кадрлар даярлау жүйесімен үндестіру қарастырылған. Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлованың, Білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Әсет Мұханбетовтың ақпараты тыңдалды.

Ержан Бабақұмаров мемлекеттік білім беру тапсырысының тізіміне жақын болашақта өзекті болмайтын мамандықтарды енгізуді сынға алды, құрылымдық қайта құруды және қала экономикасын әртараптандырудың басым бағыттарын ескере отырып, еңбек нарығының қажеттілігіне мұқият талдау жүргізуді тапсырды. Ең алдымен, қала экономикасының қажеттілігі үшін жаңа сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау қажеттілігіне, оның ішінде цифрлық экономика, инновациялар, креативті индустриялар, сервистік экономика, "қарапайым заттар" экономикасы, туристік сала және басқаларға назар аударылды. Сондай-ақ карантин кезеңінде пайда болған қажеттіліктерді ескере отырып, медицина қызметкерлерін дайындауға ерекше көңіл бөлінді.

"Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, қаланың мұқтаждықтары үшін білікті кадрлар даярлау және бюджет қаражатын бөлу экономика салаларындағы қажеттіліктердің сапалы болжамына сүйенуі тиіс. Қаланың білім беру жүйесі нақты экономиканы еңбек кадрлармен қамтамасыз ету міндеттерін шешуі тиіс", - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров. Тиісті басқармаларға жұмыс берушілермен және білім беру құрылымдарымен бірлесіп қажетті құжаттарды пысықтау тапсырылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар