Полиция Дулат Ағаділдің 18 жастағы ұлын қылқындырған (видео)

/image/2020/06/06/crop-505_77_543x358_snimok-ekrana-3.png

Әлеуметтік желіде елордадағы тергеу изоляторында қайтыс болған белсенді Дулат Ағаділдің ұлын полиция қызметкерлері қылқындырды делінген видео тарауда. Видеода марқұмның ұлын "белсенділерді тасымалдап жүр" деген желеумен полицейлер көлікпен кетіп бара жатқан жерінен тоқтатып, күш көрсеткені айтылады. Видеоны Ағаділдің туыстары түсірген.

Видеодан жас жігіттің мойнында сырылған жерлер бар екенін байқауға болады.

"Мынау Дулат Ағаділдің үйі, мына бала сол кісінің баласы. Есімі – Бекзат. Мынаның мойнын қара, ойбай, қылқындырып тастаған. Жігіт болған соң отыр, күліп ештеңе де айтпай. Әжесі де көрді. "Не болды?" деп сұрасақ, "қылқындырды" деп жатыр. Мынаны қара, тура тыныс алу жолдарынан қылқындырған. Әкесін өлтіргендері аздай, баласын өлтіруге көшті ме... Қылқындырғандардың арасында полиция қызметкерлері мен азаматтық киімдегі адамдар бар. 18-жастағы бала ғой бұл. Такси жүргізушісі болып қызмет етіп жүрген жерінен алты көлікпен қоршап алып, қылқындырған" дейді видеодағы әйел.

Видео алғаш белсенді Ержан Тұрғымбайдың youtube желісіндегі арнасында жарияланған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар