Алматы дәріханалары дәрі-дәрмектер қорын толтыруда

/image/2020/07/08/crop-326_17_1045x1394_1559156f6e8c60a18_0.jpg

Еuropharma дәріханалар желісінің бас директоры Нұржан Ниязәлиев қала басшылығының дәрі-дәрмектерді жеткізуде әкімшілік процедураларды жеделдетуге қолдау көрсететіні туралы айтты.

Н. Ниязәлиевтің мәліметі бойынша, Алматыда Europharmа-ның 50 дәріханасы бар. Әлеуметтік қашықтықты міндетті сақтау барысында орталық және ірі дәріханаларда кезектің көптігі байқалады.

«Біздің қызметкерлер кезекті реттейді, ішке маска киген 3 адамнан ғана жіберіледі. Арнайы белгілер де жасалған, қалған келушілер кезектерін сыртта күтеді», — деді Н. Ниязәлиев. Баға қалыпты және тексеруші топтар мониторнг жүргізеді.

Ол қажетті дәрі-дәрмектер 18 шілдеге дейін уақтылы жеткізілетінін айтты. Дәрі-дәрмекті өзге елден шығаруға, құжаттарды рәсімдеуге және жолға уақыт кететінін жеткізді. Денсаулық сақтау министрлігімен болған кеңесте ірі жеткізушілермен процесті жеделдетудің сөз болғанын тілге тиек етті. Жалпы, барлық күш-жігердің жұмылдырылғанын, қала әкімдігі тарапынан көмек көрсетіліп жатқанын, логистика бойынша проблема жоқтығын әңгімеледі.

Өзінің сөзінде рецептте жазылған дәрілерге деген сұраныстың жоғары екенін атап өтті.

«Система құю үшін глюкоза және басқа препараттар қажет, анальгин жеткілікті. Түнде дәрілерді тиеген көліктерді жөнелттік, антибиотиктер, дексаметазон уақтылы жеткізілуде, біз ауруханалармен тек бөлшектік қана емес, басқа да үрдістер бойынша жұмыс жасаймыз», — деді ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар