Тоқаев: Жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады

/image/2020/07/08/crop-22_13_726x968_7d1cd3819d8b386c12949944585b0250-1000x_.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың бірінен қазақстандықтарға үндеу жасады. 

– Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіп жатыр. Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Бірқатар елде карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе-көлік қатынасы қайтадан шектелді. Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ... Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматты тағы да карантин ережелерін сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты, – деді Президент.

Оның айтуынша дәрігерлер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты бірізді мәлімет беруі керек.

– Дертті емдеудің түрлі жолдарын көрсетіп адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Мұндай әрекеттерге тосқауыл қою керек. Қылмыстық Кодекстің 174 бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапкершілікке тартылады. Құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздіктерге қатаң шаралар қолданады. Сол сынды дәрілердің бағасын бірнеше есеге өсіріп, қалыптасқан жағдайда, өз мақсатында пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес жауапқа тартыла бастады. Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде, – деді Тоқаев.

Айта кетейік, соңғы уақытта дәріханаларда парацетамол, аспирин, цитрамон секілді дене қызуын түсіруге арналған дәрілер тапшы. Тұрғындар қажетті препараттарға қол жеткізе алмай дәріханалар алдында ұзын-сонар кезекте тұрғаны хабарланған болатын.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар