Біз жүйенің әкімшісі ретінде, жұмыс берушілерге ұсына аламыз. Бұл туралы Б. Коңырбаев Coursera.org сайтында алматылықтарды оқыту жайлы көрсетілген.
Бүгінгі таңда барлық процестердің онлайн режиміне ауысуына байланысты Алматыда білікті IT-мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Осыған байланысты кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жалпы цифрлық экономикада кадрларды маңызды дағдыларға үйрету, даярлау үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Олардың ішіндегі жаңа жоба — coursera.org білім беру платформасы. Ол сонымен қатар, Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығымен ынтымақтастықта жұмыс жасайтын болады.
Бұл туралы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
«Coursera.org білім беру платформасы-курстан өтуге ғана немесе қайта мамандануға мүмкіндік беріп қана қоймай, әрі қарай жұмысқа орналастыруға бағытталған. Сoursera бұл – жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы жаңа коммуникациялық кеңістік. Басты идеясы – оқуға қызығушылық танытқандардың білім алуына жағдай жасау болып табылады. Барлық 5 мың білім алушыны жұмыспен қамтуға кепілдік бере алмаймыз, бірақ ең белсенділері басымдыққа ие болады. Біз, жүйенің әкімшісі ретінде, оларды қадағалап, жұмыс берушілерге ұсына аламыз. Бүгінгі таңда IT мамандығы ең үлкен сұранысқа ие. Біз қала ретінде олардың әрі қарай дамуына мүмкіндік беретінімізге қуаныштымыз», — деді спикер.
Ол барлық алматылықтарды IT-технология бағыты туралы естен шығармай, күн сайын ізденуге шақырды. Сонымен қатар Баян Қоңырбаев кез-келген IT маман өз идеясы және ұсынысы бар өтінішті digital-almaty.kz сайтына қалдыра алатындығын айтты.
Пікір қалдыру