Бүгінгі күні Алматы қаласының әкімдігі мегаполистің медициналық ұйымдарын жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету үшін жан-жақты шараларды жүзеге асыруда.
Мысалы, EURASIAN MACHINERY компаниясы Алматыда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес аясында қаланың медициналық ұйымдарына 2,5 мың жеке қорғану заттарын беруде.
Бұл жеке қорғану заттары Алматы қаласындағы медициналық ұйымдарға бөлінетін болады. Кешенді заттар ішінде оба ауруына қарсы бір реттік костюмдер, маскалар, қолғаптар, көзәйнектер бар.
«Біздің компанияда мұқтаж жандарға көмек көрсету жөнінде арнайы бағдарлама жасалған. Сондықтан біздің COVID-19-ға қарсы күресте белсенділік танытқымыз келеді. Бұл гуманитарлық көмек шағын, бірақ коронавирусқа қарсы күреске қосқан үлесіміз болып табылады», — деді EURASIAN MACHINERY компаниясының директоры Мехмет Иренде.
Еске салсақ, кеше Dolce-Pharm отандық фармкомпаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 100 мың маска берді, олар шаһардағы 23 медициналық мекеме арасында бөлініп, таратылады.
Пікір қалдыру