Бал ертеден бері жөтелге қолданылып келгені белгілі. Бірақ оның емдік қасиеті ғылыми түрде толық зерттелмеген. Жақында Ұлы Британиялық ғалымдар балдың жөтел мен суық тиуге ерекше ем екенінен басқа өте күшті антибиотик екенін анықтады.
Оксфорд Университетінің медицина ғалымдары балды жоғары тыныс жолы ауруларына қолданып сынап көрген. Мұндай аурулар әдетте тұмау сияқты болып келеді екен. Және бұл ауруларға атибиотиктің көмегімен емделеді. Бірақ ұзақ уақыт антибиотик қабылдағанда бактериялардың атибиотикке төзімділігі артып кетіп біртіндеп өлмей қояды. Сол себепті жылына миллиондаған адам антибиотиктің кесірінен көз жұмады. Оған дәлел жақында АҚШда көз жұмған Индиялық әйелге 36 түрлі антибиотик әсер етпеген, кейін анықтағанда ол әйелдің антибиотикті көп қабылдайтыны белгілі болған.
Балға жасалған 14 түрлі зерттеудің нәтижесі бойынша балдың қазіргі антибиотиктер сияқты бактерияның белсенділігін төмендетіп E. coli salmonella сияқты бактерияларды оңай жоя алатын қасиеті бар екені анықталды. Тіпті асқазан-ішек ауруларыр тұдыратын H. pylori бактериясын да жоя алатыны анықталған.
139 балаға жүргізілген тағы да бір зерттеуде (2010 ж) балдың баллардың түнгі жөтелін жоюда қолданылатын өте танымал дәрі dextromethorphan ға қарағанда өнімі жақсырақ екені анықталған. Сонымен бірге антигистаминдік (алергияға қарсы) Benadryl деген атпен сатылатын танымал дәрі diphenhydramine нен де емдік қасиеті жоғары болып шыққан.
Зерттеудің соңында ғалымдар дәрігерлерге ауруларды емдеуде антибиотикті азырақ жазып, көбірек балмен емделуге насихаттаған жөн деп кеңес айтады.
Зерттеу нәтижелерін әлемде 4-орында тұратын әйгілі журнал Британия Медициналық Журналына (Journal BMJ) ға жарияланған.
Пікір қалдыру