С.ЖАНБОЛАТОВ: Болашақ латын әліпбиінің жобасы жарияланса

/uploads/thumbnail/20170708150631989_small.jpg

Жақсыға басын айту жетерлік. Менің тілегім мынау:

1. Нұрекеңмен төртінші рет Дүниежүзі Қазақтарының ІV Құрылтайында кезігіп, тұңғыш рет бір талап қойғаным бар. Ол талабымның бір беттік жазба нұсқасын да сол жолы табыс еттім. Онда былай делінген еді: «Өзге елдегі біз Сіздің Қазақстанда қазақ жазуын латыншаға қайтарамыз дегеніңізді естіп қуанудамыз. Әрине, Қазақстанның латыншаға көшуі мұндағы тіл мәртебесінің мемлекеттік деңгейге толық жетуінен соң болғаны пайдалы. Бірақ болашақта көшетін латыншаның жобасын жуықта жариялап жіберсеңіздер, диаспорадағылар соған аунай берер едік. Бұл әр елдегі қазақтардың бет-бетімен латыншаның әр түрлі жобасына кетіп қалмауы, болашақта дүниедегі қазақтардың жазудағы бірлігі үшін өте пайдалы».

Осы жұмыс тездетілсе жақсы болар еді.

2. Құлжа қаласындағы кезігуде, Нұрекең: «Біз Қытай қазақтарын түгел көшіріп ала қояйық деп отырғанымыз жоқ. Бірақ, барам дегендерге құшағымыз ашық» деген-ді. «Нұрлы көш» бағдарламасы сол ашық құшақты әйгілеген болатын. Қазір Қытайда Қазақстанға барам деушіге бөгет жоқ. Дей тұрғанмен қытай қазақтары Қазақстанға қотарыла көшкелі де отырған жоқ. 20 жылдан бері Қазақстанға барғандардың саны қытай қазақтарының екі-ақ жылдық өсімі екені бұған айғақ. Менің айтарым – «Нұрлы көш» нұрлы бола түссе, қытайдағы жылы орнын тастап барғандар жылы қарсы алынса, өкініштен аулақ болса. Бұл үміт Нұрекең тікелей назарына алғанда ғана іске асады.

3. Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі мен Қазақстандағы қазақ тілінің мәртебесі – өзге елдердегі қазақтар қатты мән беретін ең басты тақырыптар және бұл оларды Елге тартатын ең күшті «магнит». Қазақстанның көпвекторлы саясат дипломатиясына құрметпен қарайтын олар алыптармен арасының тең қашықтықта болуын көксейді және мемлекеттік тіл үшін батыл шаралар қолдануды тілейді.

Сұлтан ЖАНБОЛАТОВ

Сурет: i-news.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар