Қырғызстандағы митинг: Түнде түрмеден босатылғандардың тізімі мен қылмыстық істері

/image/2020/10/06/crop-18_6_1027x1452_081915515300.jpg

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында түнде митингшілер тобы түрмеде отырған бірнеше саясаткерді босатты, деп хабарлады Sputnik Kyrgyzstan.

Төменде босап шыққандардың тізімі мен қылмыстық істері көрсетілген.

1. Алмазбек Атамбаев

Қырғызстанның "Ақ үйін" басып алғаннан кейін, наразылық білдірушілердің бір бөлігі бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты босату үшін ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратына бет алды.

Экс-президент ҰҚК тергеу изоляторында болған еді. Ол қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты босатандыққа шығару ісі бойынша 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ Атамбаев пен оның жақтастарына Кой-Таштағы оқиғалар туралы іс қозғаған. Қылмыстық істердің егжей-тегжейлері белгісіз, өйткені сот процестері жабық режимде өткен.

Өткен жылдың жазында Атамбаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экс-президент мәртебесінен және қол сұғылмаушылығынан айырған болатын. Бұрынғы мемлекет басшысы өзіне жасалған әрекеттердің заңсыз екенін мәлімдеген. Саясаткер бір іс бойынша тергеуге бармағандықтан, оның Қой-Таштағы үйіне шабуыл жасалған еді.

2. Садыр Жапаров

2017 жылы аудандық сот жогарку кенештің бұрынғы депутаты тұтқынды кепілге алғаны үшін Садыр Жапаровты 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Сот 2013 жылы Жапаров ұйымдастырған Қаракөлдегі митинг қатысушылары Ыстықкөл облысындағы сол кездегі үкіметтің өкілетті өкілі Эмильбек Каптагаевты көлікке күштеп мінгізгені мәлімделген.

Кеше Жапаров жақтастары саясаткерді түзеу колониясынан босатуды талап етті. Бір сәтте ұйымдастырушылар жиналған топты басқара алмай қалған. "Ақ үйге" қарай бет алған адамдарды полиция қумақшы болған. Нәтижесінде бірнеше адам зардап шегіп, жүзге жуық адам ұсталды.

 3. Сапар Исақов

Сапар Исақов 2017-2018 жылдары үкімет басшысы қызметін атқарды. Ол Бішкек ЖЭО-ны жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сондай-ақ саясаткерді Чолпон-Атадағы мемлекеттік тарихи мұражай мен ипподромды қайта құру кезінде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырды. Қыркүйек айында ол Молдованкадағы түзеу колониясына ауыстырылған.

4. Равшан Жээнбеков

Кой-Таштағы оқиғалар кезінде жогарку кенештің экс-депутаты Равшан Жээнбеков бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың жағында сөз сөйледі. 2019 жылдың желтоқсанында ол ІІМ-ден жауап алғаннан кейін ұсталды. Жээнбековке қылмыстық кодексінің 244 "тұтқынды кепілге алу" және 264 "жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру" баптары бойынша айып тағылды. 

5. Жантөре Сатыбалдиев

Наразы топ бұрынғы премьер-министр Жантөро Сатыбалдиевті № 47 түзеу мекемесінен шығарып алды. Ол 2012 жылдан 2014 жылға дейін министрлер кабинетін басқарған.

Премьер болғаннан кейін Жантөро Сатыбалдиев мемлекеттік лауазымдарды атқармады, ал 2018 жылы Бішкектегі ЖЭО-ны жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлық туралы іске фигурант болған. Оның дүние мүлкі тәркіленіп, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ала-Тоо алаңында кеше оппозициялық күштердің наразылық акциясы өтті. Парламент сайлауының алдын ала қорытындысына наразылық білдірген 3-4 мың адам алаңға жиналды. "Ақ үйдің" қақпасына шабуыл жасағаннан кейін полиция мен наразы топтың арасында қақтығыстар басталды. Түнде митингшілер "Ақ үйді" басып алды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар