Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы 4 қазанда өткен жогарку кенеш депутаттары сайлауының нәтижелерін жарамсыз деп таныды, деп хабарлады 24kg сайты.
ОСК мүшесі Гүлнар Жорабаеваның айтуынша, бұл сайлау науқаны елдің беделіне нұқсан келтірген, сондықтан ең жақсы және дұрыс шешім нәтижені мерзімінен бұрын тоқтату.
Еске сала кетейік, Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген азаматтар Бішкекте наразылық акциясына шыққан.
5 қазанда күндіз наразылыққа шыққан азаматтар сайлау қорытындысының күшін жойып, жаңа сайлау өткізуді талап етті.
Пікір қалдыру