Тұтқындағы азаматтарға 200-ден аса қазақша кітап тарту етілді

/image/2020/10/08/crop-8_92_568x1010_4a33d3f6-cff0-4151-854d-e2d710317494.jpg

Алматы қаласындағы ЛА-155/18 түзеу мекемесінде оқшауланған 1000-нан астам тұтқын арасында кітап оқуға құмар адамдар жеткілікті. Олардың ішінде тіпті екі айда 15 кітап оқып тауысатындар бар.

Мекемедегі кітапханада жинақталған 5000 данадан астам кітап қорының ішінде əлем классиктерінің шығармалары да мол. Соңғы кезде тұтқындар арасында қазақ əдебиетінің классиктері мен қазіргі ақын-жазушыларының шығармаларына деген сұраныс та артты. Осыған орай ЛА-155/18  мекемесінің басшылығы Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басшылығына арнайы хат жазып, тергеу изоляторындағы кітапхана қорын қазақ тіліндегі кітаптармен толықтыруды сұраған болатын.

Кітап беру кезінен

Жақында аталған кітапхананың басшылығы тергеуде жатқан тұтқынға 200-ге жуық қазақша кітапты сыйға тартты. Сондай-ақ мұндай игі іске 1Реванш1 қоғамдық қоры да атсалысып, өз тарапынан ақын-жазушылардың 300 кітабын мекемеге тарту етті.

Кітаптар

"Əртүрлі қылмысқа бой алдырып, тергеу абақтысында жатқандарға жанашырлық танытқан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басшылығы мен "Реванш" қоғамдық қорына алғыс білдіре отырып, білім бұлағы саналатын кітаптардың жазалы жандардың түзу жолға түсуіне көмектесетініне сенімдіміз", – дейді ЛА-155/18 түзеу мекемесінің бастығы Асет Жұмадиев.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар