Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды сапалы препараттармен вакциналау туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға тапсырма берді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
– Қазақстан президенті коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға азаматтарды отандық және импорттық сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды, – деді Тоқаев.
Пікір қалдыру