Ведомство мәліметінше, екеуара әңгімеде Қырғызстанда болып жатқан жағдай талқыланған.
"Қырғызстанда қалыптасқан жағдай талқыланды. Жағдайдың тез қалпына келетініне сенім білдірілді. Осыған дейінгі келісімдерге қарай екі ведомствоның ынтымақтастығын жалғастырудың маңызы айтылды" делінген хабарламада.
Еске салсақ, 4 қазан күні Қырғызстанда жоғарғы кеңеске депутаттар сайлауы өтті. 5 қазан күні сайлау нәтижесіне наразы топ орталық алаңда митинг ұйымдастырып, оның соңы жаппай қақтығысқа ұласты.
Пікір қалдыру