Қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы жобасымен бірге азық-түлікке мұқтаж балаларға көмек қолын созбақ.
Ол игі бастамаға оқырмандарын да қатысуға шақырды. Акцияға қатысу үшін michaelkors.global сайтынан футболка сатып алып, оны киіп суретке түсіп, тиісті хештегпен instagram-ға пост жүктеп, сториске салу қажет. @michaelkors аккаунттын белгілеу міндетті.
"Мен @MichaelKors #FoodIsLove @WorldFoodProgramme (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы) жобасын қуана қолдаймын. Олардың балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою мақсаты маған жақын, әсіресе пандемия кезінде. Сатылған әр "Love" футболкаларынан түскен қаржы түгел ДАБ-қа аударылады (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы). Маған оларға қолдау таныту үшін сіздердің көмектеріңіз қажет-футболкамен суретке түсіп #WATCHHUNGERSTOP және @michaelkors тегтеңіз. Әр пост пен сторис үшін "Michael Kors" БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына 50 адамдық түскі ас бөледі! Сілтемесі БИО-" делінген әртістің жазбасында.
Пікір қалдыру