Солтүстік Корея жаңа зымырандар шеруін өткізгеннен кейін Оңтүстік Кореяда шұғыл жиын өтті

/image/2020/10/11/crop-15_8_410x676_aaaaaaffff.jpg

Солтүстік Корея әскери парадта жаңа стратегиялық қаруларын, оның ішінде континентальды баллистикалық зымыранды көрсеткеннен кейін, Оңтүстік Корея үкіметі шұғыл мәжіліс өткізді. 

"Пхеньянның билеуші ​​жұмысшылар партиясының құрылғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған шарада Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын эмоционалды түрде сөз сөйледі" делінген Оңтүстік Корея президентінің кеңсесі таратхан хабарламада.

Сондай-ақ жиында сүңгуір қайыққа жіберілетін баллистикалық зымыран қамтылып, жаңа қару-жарақтар және оларға қарсы Сеулдің қорғаныс қабілеті туралы айтылған. Сонымен қатар, өзара әскери қақтығыстар мен соғыстың алдын-алу үшін жасалған  келісімдерге "мойынсұну керектігі" ескертілген.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігінің өкілі жексенбіде Солтүстік Кореяның жойғыш қару-жарақтарының жариялануына байланысты "алаңдаушылық" білдіргенін және жаңа қаруды Вашингтонмен бірге егжей-тегжейлі талдап жатқанын мәлімдеген. АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларының бірі NBC News-ке Солтүстік Кореяның қару-жарақтарды жариялауы "көңіл көншітпейтінін" айтқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар